Kyzylorda-news.kz. «Қадағалау» профилактикалық іс-шарасы барысында 14 сотталғанға ескерту берілді.

Пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың қайтадан заң бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында 2021 жылдың 17-22 мамыр аралығында Қызылорда облысы бойынша «Қадағалау» профилактикалық іс-шарасы өтті.

Аталған іс-шараны ұйымдастыру үшін жергілікті ішкі істер органдарымен бірлескен жоспар құрылды. «Қадағалау» профилактикалық іс-шарасы аясында пробация есебіндегі әрбір азаматтың мінез-құлқына бақылау жасалып, есептен жалтарудың, құқық бұзушылық пен қайта қылмыс жасауының алдын алу бағытында жұмыстар жүргізілді.

Қалалық, аудандық пробация қызметтері есебінде барлығы 965 қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандардың тұрғылықты мекенжайлары мен жұмыс орындарынан 949 рет тексеру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеу тәртібін бұзған 14 сотталған анықталып, «ескерту» жазасы берілсе, бас бостандығының шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін 4 сотталғанның іс-құжаттары сотқа жолданды.

Тағы да оқыңыз: