Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында қаңтар айының ауа райы болжамына сәйкес күн жылы болады.

Алайда, синоптиктер облыста қар аралас жауын жауатындығын, желдің күшейетіндігін айтып отыр. Көктайғақ болуы да мүмкін.

“Ауа райы болжамы консультативтік және синоптикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты онкүндік, апталық, бір күндік, екі-үш күндік болжамдармен нақтыланып тұрады. Аймақта айдың екінші онкүндіктің аяғында күндіз – 5-8 градустан +5+8 °С-қа дейін, ал түнде -10-18 °С-тан -2 °С жоғарылайды”, – деді «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Жұлдыз Қалымбетова.

Тағы да оқыңыз: