Kyzylorda-news.kz. Сыр өңірінде игілікті бастама «Қайырымдылық істер марафоны» жалпыұлттық жобасы қарқынды жалғасуда. Еріктілер, белсенді азаматтар, кәсіпкерлер халықтың әлжуаз топтарына көмек көрсетуде.

Игілікті істер бір жылмен шектеліп қалмайды. Әрі қарай да жалғасын табатын болады. Қайырымдылық, меценаттық және донорлық қоғам үшін ең маңызды бағыттардың бірі. «Алғыс айту» мерекесінде волонтерлар және меценаттар жалғызбасты қарттарды, данагөй әжелерді құттықтап, көмек көрсетті. Сондай-ақ, Тәуелсіздігіміздің 30-жылдық мерейлі мерекесімен тұспа-тұс келуі де бекер емес. Осы орайда «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл: бірлік пен бірегейліктің моделі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Жүзеге асырған және алда атқаратын игілікті істеріміз халқымыздың болашағын бірлігімізбен берік етсін, – деді «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков.

Сондай-ақ, «Абзал и К» ТС директоры Мағжан Ералиевтың бастамасымен мүмкіндігі шектеулі, үйде оқитын, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Арман ағашы» акциясы өтті.

Тағы да оқыңыз: