Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жанабергенова №1 емханада коронавирус инфекциясына қарсы Ресейде өндірілген «Гам Ковид Вак» екпесін салдырды.

Алдымен емхана дәрігерімен денсаулық жағдайы тексеріліп, эпидемиологиялық анамнезі жинақталды. Аталған вакцина қабылдауға ешқандай қарсы көрсетілімдер болған жоқ.

Екпе салынғаннан кейін 30 минут дәрігер қадағалауында болу үшін медициналық бақылау аймағына жіберіп, вакцинадан кейінгі күтім мен сақтық шаралары туралы түсіндірме жүргізілді.

Айта кетейік, бүгінде аймаққа 1000 доза вакцина жеткізіліп, иммунобиологиялық препараттарды сақтау қоймасына әкелінді.

Тағы да оқыңыз: