Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі Бағдат Мусинмен кездесті.
Сыр еліне жұмыс сапарымен келген министр Бағдат Мусин аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге өңірде цифрландыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, онлайн қызметтер алу, байланыс желілерін жақсарту бағытында бірлескен жұмыстар пысықталды.
Ведомоство басшысы Қызылорда өңірінде бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, ондағы цифрлық қызметтердің сапасын саралап, тұрғындармен кездесу барысында өзекті мәселелерді айқындап алғанын жеткізді.
Ғарыш мониторингі нәтижесінде аймақта заңсыз пайдалы қазбаларды өндіріп жатқан 94 орын, рұқсат етілмеген 101 қоқыс нысандары анықталған.
Айта кетейік, Бағдат Мусин екі күндік жұмыс сапары аясында Қызылорда қаласында емхана және халыққа қызмет көрсету нысандарында болып, халықпен есепті кездесу өткізіп, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді. Сонымен қатар Байқоңыр қаласында ғарыш кемесінің ұшырылу сәтіне қатысты. Ғарыш айлағында Алматы қаласынан келген оқушылармен кездесті. Сондай-ақ «Роскомостың» жаңа басшысы және Иран Ислам Республикасының ғарыш саласының басшыларымен бірге бірқатар мәселелерді талқылады.