Қызылорда облысындағы науқастардан коронавирус табылған жоқ – Бекшин – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылорда облысындағы науқастардан коронавирус табылған жоқ – Бекшин

29.01.2020, 16:00

708 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Қызылорда мен Жамбыл облыстарындағы науқастардың жай-күйі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызылордада науқас дене қызуымен және бас аурымен ауруханаға түсті. Сұрау барысында анықталғандай, сырқат жуынған соң вагонда ашық терезе астында ұйықтап қалған. Ол таяуда Қытайдың Хайнань аралынан оралғандықтан бөлек боксқа оқшауландырылды. Қазіргі уақытта пациент жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына шағымданбайды, қызуы жоқ, барлық қажетті диагностика жүргізілуде», – деді Ж. Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Жамбыл облысында екі науқасқа ЖРВИ диагнозы қойылды. Жағдайлары қанағаттанарлық, температура қалыпты.

Алматы облысындағы азаматтардың жағдайы да қалыпты. Олар Панфилов аудандық ауруханасында тексеруден өтті. Қазір оларды шығару мәселесі шешілуде.

0

Пікір қалдыру