Kyzylorda-news.kz. «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Жаңақорған ауданының тұрғыны және Түркістан облысы Отырар ауданының тұрғыны заңсыз аңшылықпен айналысқандары анықталды. Олардан тіркеуде жоқ бір аңшы мылтығы алынып, тәркіленді.
Жаңақорған ауданына қарасты Көктөбе ауылынан 70 шақырым болатын далалық жерде мемлекеттік белгісі жоқ мотокөлік тоқтатылды.
Тексеру барысында 2 аңшы мылтығы, оның біреуі тіркеуде жоқ, 18 дана патрон мен Қызыл кітапқа енген екі дана қарақұйрық аңдары және қоян анықталған.
«Оқиға орнында күдіктілер 41 жастағы Түркістан облысы Отырар ауданының тұрғыны және 29 жастағы Жаңақорған ауданының тұрғындары ұсталды. Олар Жаңақорған АПБ-ң уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337 бабының 4 бөлігімен ( Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.