Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Н. Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында өтіп жатқан халыққа есеп беру жиынында денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістерді баяндады.

Аймақ басшысының айтуынша денсаулық сақтау саласында «2019-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтау нысандарының өңірлік перспективалық даму жоспары» бекітілген.

«Облыстық бюджеттен 2,7 млрд теңге бөлініп, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық қамтылуы 85,3 пайызға жеткізілді. Былтыр апаттық жағдайдағы денсаулық сақтау нысандарының орнына Шиелі ауданаралық ауруханасы пайдалануға берілді. Апаттық жағдайдағы соңғы нысан Жалағаш ауданында жаңа аурухана құрылысы жүргізілуде. Сонымен бірге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жеті дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілсе, облыстық көпбейінді аурухана мен Қазалы ауданаралық ауруханасына ангиографиялық қондырғы орнатылды», – дейді облыс әкімі.

Оның айтуынша былтыр 95 дәрігер қабылданып,  қамту көрсеткіші 82 пайызға жеткенімен бұл салаға әлі 159 маман жетіспейді. Сондықтан, маман тапшылығын шешу мақсатында 20 маманды резидентураға және 30 маманды бакалавриатураға оқыту үшін облыс әкімдігінің гранты бөлінген.

«Сырдария өзенінің сол жағалауына онкологиялық бөлімі бар 500 төсек-орындық көпбейінді облыстық аурухана құрылысы республикалық жобалар тізіміне енгізілді. Заманауиқұралдармен жабдықталған аурухананы Үкіметтің кепілдігімен Еуразиялық даму банкінің қаржысына салу жоспарлануда. Сонымен бірге, биыл 8 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілетін болады», – дейді Қуанышбек Досмайылұлы.

Тағы да оқыңыз: