Kyzylorda-news.kz. Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор «Қазтелерадио» АҚ Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай және Қызылорда облыстарында аналогты телевизияны өшіре отырып, цифрлық эфирлік телевизияға көшу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Аналогты телевизияны өшіре отырып, ЦЭТВ-ға толық көшу процесі нақты алынған өңірдің дайындығына байланысты және халықты алдын ала хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Аталған облыстарда қазірдің өзінде желі құрылып, цифрлық телевизия енгізілген.
Естеріңізге сала кетейік, цифрлық эфирлік хабар таратуға көшу «Цифрлық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. 2012 жылдан басталған ЦЭТВ енгізу кезеңі ішінде «Қазтелерадио» АҚ 561 радиотелевизиялық станцияны пайдалануға берді.
Жалпыалғанда, цифрлықэфирлік телевизияжелісінде 827 радиотелевизиялық станция салынады. Желіні құру технологиясы мемлекеттік және республикалық деңгейдегі коммерциялық телеарналарды, сондай-ақ, облыстық, жергілікті арналарды қоса кіргізе отырып, арналардың топтамаларын (мультиплекстерін) қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оның ішінде, Қызылорда облысы бойынша 30 радиотелевизиялық станция жоспарланып, бүгінгі таңда 17-сі іске қосылған.
Бүгінгі таңда цифрлық эфирлік телевизияны қабылдау Қазақстан Республикасы халқының 92,43%-ы, ал облысымызда жоғарыда аталған 17 РТС 174 елді мекенді қамтып, тұрғындарымыздың 80%-ы үшін қолжетімді. Бұл жоба арқасында 2025 жылға қарай Республика халқының кемінде 98%-ы цифрлық эфирлік телевизияны көру мүмкіндігіне ие болады.