Kyzylorda-news.kz. 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша Қызылорда облысы көлемінде 7 506 оқушы мектеп бітіріп, олардың 6 570-і ҰБТ-ға қатысты.
Тестілеу нәтижесімен жоғары оқу орындарына 5 439 оқушы құжат тапсырып, 4 082 талапкер мемлекеттік білім беру грантына қол жеткізді. Бұл көрсеткіш өткен оқу жылымен салыстырғанда грант иегерлерінің саны – 233 түлекке көбейіп отыр.
Гранттардың бөлінісі бірнеше басым бағыттарға қарай тағайындалды. Атап айтқанда, 1 562 талапкерлер педагогика саласына гратқа түссе, медицина мамандығына 328, ауыл шаруашылығы және техникалық мамандықтарға 1500 оқушы грант иегері атанған.
Айта кетейік, 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша «Алтын белгі» белгісін алған түлектердің 160–ы, яғни 41,1 %-ы педагогикалық бағыттағы мамандықтарға оқуға қабылданған.