Kyzylorda-news.kz. Қашықтан оқытуға қажет электронды құрылғылар үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, Қызылорда облысына 22 мың компьютерлік техника алынады.

Қыркүйек айының алғашқы аптасында 1500 дана компьютерлік құрылғы жеткізілді. Бұл техникалар аз қамтылған, көп балалы отбасы балалары мен ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға таратылып берілуде.

Айта кетейік, бұл құрылғылар қайтарымды түрде, оқушыларға уақытша беріледі. Қашықтан оқыту аяқталған сәтте электронды техникалар мектеп балансына өтеді. Ал, өткен аптада тағы 5000 дана компьютерлік құрылғылар жеткізіліп, қазірде мектептерге таратылуда. Оның 700 данасы компьютер, 4300 данасы планшет. Қалған компьютерлік құрылғылар қазан айының аяғына дейін кезең-кезеңімен жеткізіледі.

Тағы да оқыңыз: