Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 26-шы қазаннан бастап кинотеатрлар ашылады деген бейресми ақпарат тарады.

Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әлия Әбдіқайымова бұны жоққа шығарды.

“Өңірдегі кинотеатрларды 26 қазаннан бастап ашу әлі жоспарда жоқ. Керісінше, коронавирус инфекциясын таратпас үшін шектеу шараларын жалғастырамыз. Барлығы эпид ахуалдың тұрақты болуына байланысты. Жағдайға байланысты Қаулы қабылдап отырамыз”, – деді облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.

Тағы да оқыңыз: