Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда облысында 17 746 бала 1 сыныпқа барады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мәлімдеді.

Биылғы жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қазіргі таңда жоспарға сәйкес жүргізілуде.

«Алдағы оқу жылында 294 мемлекеттік және 10 жеке мектепте 173 796 оқушы білім алады деп жоспарлануда. Облысы көлемінде алдағы оқу жылына 5 тамызға дейінгі мәлімет бойынша 1 сыныпқа 17 746 бала қабылданды. Оның 1066-ы жеке мектепке барады. Оның ішінде 16916 баланың құжаты электронды форматта e-gov порталы арқылы келіп түссе, 830 құжат қолма-қол өткізілді», – дейді Ақзира Қасымова.

Басқарма басшысының айтуынша, жаңа оқу жылында оқулықтармен қамтамасыз етуге 1,1 млрд. теңге қаржы бөлініп, 15 баспамен келісім шарт жасалды. Қазіргі таңда барлық мектептегі кітаптар ата-аналарға түгелімен таратылды. Сонымен қатар, биылғы жаңа оқу жылына жаңа оқулықтар әкелінуде.

Айта кету керек, 1 сынып оқушыларының оқулықтары толығымен жаңартылаған.

Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында санитарлық талаптарды сақтау мақсатында дизенфекциялық кілемше, кварц шамдары, санитайзерлер орналастыру, антисептиктермен өңдеу құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, облыс бойынша барлық мектепке дейінгі ұйымдар мен кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында «ASHYQ» қосымшасына қосылу жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде 294 мектеп пен 669 балабақша «ASHYQ» қосымшасына қосылды.

Тағы да оқыңыз: