Kyzylorda-news.kz. Биыл Назарбаев Зияткерлік мектептерінде білім алу үшін «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына Қызылорда облысы бойынша 1438 үміткер қатысты.
Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша республикалық комиссияның қарауына 643 үміткер жіберілді. Республикалық комиссия отырысының нәтижесі бойынша 2020-2021 оқу жылынан бастап Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алу үшін 144 үміткер (96 – қазақ тобы, 48 – орыс тобы) «Өркен» білім беру грантының иегері атанып, 499 үміткер келесі оқу жылына жарамды болатын резервтік тізімге бекітілді.
Грант иегерлерінің тізімін сілтеме арқылы көруге болады.