Kyzylorda-news.kz. Алматы түбіндегі ұшақ апатынан адамдардың қаза табуына ұшып-қону жолағының жанында тұрған үй себеп болды. Бұл туралы “Бек Эйр” компаниясының төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов БАҚ-қа арналған баспасөз конференциясында айтты.

“Егер үй болмағанда, ұшақ қирамай, бәрі аман қалушы еді. Тіпті қоршау тұрса да. Ол сырғып барып, сол жағымен үйге соғылып, ішке кіріп кеткен. Сонымен бірге бактерге ауа кірмейтін болып қалған, – деп есептейді Жұмасұлтанов.

Бұған дейін компанияның шеф-ұшқышы Юрий Саппаров құлаған ұшақ басқа ұшақтың салдарынан апатқа ұшырауы мүмкін деп айтқан болатын.

Тағы да оқыңыз: