[**Kyzylorda-news.kz.**](https://kyzylorda-news.kz/) **Алматы түбіндегі ұшақ апатынан адамдардың қаза табуына ұшып-қону жолағының жанында тұрған үй себеп болды. Бұл туралы “Бек Эйр” компаниясының төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов БАҚ-қа арналған баспасөз конференциясында айтты.** > _“Егер үй болмағанда, ұшақ қирамай, бәрі аман қалушы еді. Тіпті қоршау тұрса да. Ол сырғып барып, сол жағымен үйге соғылып, ішке кіріп кеткен. Сонымен бірге бактерге ауа кірмейтін болып қалған, – деп есептейді Жұмасұлтанов._ Бұған дейін компанияның шеф-ұшқышы Юрий Саппаров құлаған ұшақ басқа ұшақтың салдарынан апатқа ұшырауы мүмкін деп айтқан болатын.