Kyzylorda-news.kz Қазақстан Ұлттық Банкінің Қызылорда филиалы «Дала қазынасы» сериясынан QORQYT ATA коллекциялық монеталары сатуға шығарылғанын хабарлады.

Номиналы 500 теңгелік монета ұлы композитор, ойшыл әрі абыз жырау Қорқыт атаға арналған. Оның есімі Сыр елінің киелі топырағымен және Қызылорда өңірінің сан ғасырлық тарихымен тамырлас. Аңыз бойынша VIII-IX ғасырларда өмір сүрген жырау – қазақ халқының бай рухани мәдениетін қалаған ұлы тұлғалардың бірі.

Абыздың қастерлі мұрасын Қызылорда өңірінде 1980 жылы бой көтерген мемориалдық кешен ұлықтап келеді. 2018 жылы бұл ескерткіш ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізіліп, мемлекеттің ерекше қорғауына алынды.

QORQYT ATA монетасы 925 сынамалы күмістен жасалған, салмағы – 24 г, диаметрі– 37 мм, дайындалу сапасы – proof, номиналы – 500 теңге.

QORQYT ATA монетасы мен басқа да коллекциялық монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкінің Kazcoins интернет-дүкенінен алуға болады.

Тағы да оқыңыз: