Қордайдағы қантөгіс: Бәрі жол үстіндегі кикілжіңнен басталған – Kyzylorda News
Басты бет

Қордайдағы қантөгіс: Бәрі жол үстіндегі кикілжіңнен басталған

10.02.2020, 11:40

429 0

Kyzylorda-news.kz.  Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Қордайдағы оқиғаның неден басталғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әу баста, яғни 5 ақпанда екі ауылдың тұрғындары ұстасып қалған. Тұрмыстық қақтығысқа қатысқандардың бірі қазір ұсталып, қалғандары ауданнан шықпайтыны жөнінде қолхатпен босатылды», – деді Алексей Калайчиди.

Оның айтуынша, ауыр жүк көлігі үйден шығып келе жатқан кезде жолда келе жатқан автокөлікпен жолға таласып қалған.

«Көліктерде үш-үш адамнан болған. Ақыры өзара жанжал соңы төбелеске ұласып кеткен», – деді ол.

ІІМ басшысының орынбасары жол үстіндегі төбелесте алты кісінің ішінде, шынында да, жасы үлкен кісінің болғанын растады.

«Ол төбелес кезінде зардап шеккен… Жалпы қазір біз барлық тараған ақпаратқа талдау жүргізіп отырмыз. Ол жерде жүзге тарта адам болған. Олардың әрқайсысының сол жерге келу мотивін зерттеп жатырмыз», – деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Масанчи ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болып, одан 8 адамның қайтыс болғанын, қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты 47 адамның ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

0

Пікір қалдыру