ІІМ: Қордайдағы оқиға бойынша 47 адам ұсталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

ІІМ: Қордайдағы оқиға бойынша 47 адам ұсталды

08.02.2020, 12:27

445 0

Kyzylorda-news.kz. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қордайдағы жанжал бойынша 47 адамның ұсталғанын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта 47 адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Олардан екі аңшы қаруы тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және соған қатысу) және 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қоғамдық тәртіпті бұзғандардың бәрі де заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында оқиға орнында қазіргі уақытта полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылған», – деді Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ерлан Тұрғымбаев Қордайдағы оқиға салдарынан 8 адамның көз жұмғанын мәлім еткен еді.

0

Пікір қалдыру