Kyzylorda-news.kz. Ірі сауда нысандарына азаматтар маскамен ғана кіргізілетін болды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.

«Ірі сауда нысандары мынадай талаптарды сақтауы тиіс: өз аумақтарына келушілерді тек маскамен ғана жіберулері тиіс. Келушілерде маска болмаса тегін маска ұсынып, коронавирустың алдын алу бойынша жадынама таратулары қажет. Барлық кіріп-шығатын есіктерге тепловизорлар орнатулары керек», – деді Бақыт Сұлтанов.

Оның атап өтуінше, ірі сауда нысандары, оның ішінде азық-түлік базарлары сағат 10-нан 18-ге дейін, азық-түлік емес тауарлар сататын базарлар сағат 11-ден 17-ге дейін жұмыс істейді.

Тағы да оқыңыз: