Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда теле, радиохабар тарату уақытша тоқтатылады. Бұл туралы “Қазтелерадио” АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

“2020 жылдың 19 тамызында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады”, – делінген хабарламада.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

“Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады”,- делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз: