Kyzylorda-news.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда қанша боскын жүргенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

“Бізде 2011 жылы босқындар туралы заң қабылданды. Бүгінде босқындар мәселесімен Ішкі істер министрлігі айналысады. Жалпы мен сіздерге статистиканы айта аламын. Елімізде 523 босқын бар, оның 509-ы Ауғанстаннан келген. 2-6 адамнан әртүрлі елдерден келгендер де бар”, – дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елордада “Қазақстандағы көші-қон: проблемалар, тенденциялар, перспективалар” атты республикалық дөңгелек үстелден кейін. 

Оның айтуынша, болашақта босқындардың биометриялық мәліметтері бар электронды құжаттар пайда болуы мүмкін, соның арқасында олар басқа елдерде емін-еркін жүре алады. 

“Халықаралық конвенцияларға сәйкес, комиссия осы мәселені қарастырып, келушілерге босқын куәлігін береді. Қазақстанда жолаушы құжаты беріледі, соның арқасында олар елдер арасынан өте алады”, – деді министр.

Тағы да оқыңыз: