**[Kyzylorda-news.kz](https://kyzylorda-news.kz/)**[.](https://kyzylorda-news.kz/) **Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда қанша боскын жүргенін айтты, деп хабарлайды** [**Tengrinews.kz**](https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-kansha-boskyin-turadyi-303174/)**.**  > _“Бізде 2011 жылы босқындар туралы заң қабылданды. Бүгінде босқындар мәселесімен Ішкі істер министрлігі айналысады. Жалпы мен сіздерге статистиканы айта аламын. Елімізде 523 босқын бар, оның 509-ы Ауғанстаннан келген. 2-6 адамнан әртүрлі елдерден келгендер де бар”, – дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елордада “Қазақстандағы көші-қон: проблемалар, тенденциялар, перспективалар” атты республикалық дөңгелек үстелден кейін._  Оның айтуынша, болашақта босқындардың биометриялық мәліметтері бар электронды құжаттар пайда болуы мүмкін, соның арқасында олар басқа елдерде емін-еркін жүре алады.  > _“Халықаралық конвенцияларға сәйкес, комиссия осы мәселені қарастырып, келушілерге босқын куәлігін береді. Қазақстанда жолаушы құжаты беріледі, соның арқасында олар елдер арасынан өте алады”, – деді министр._