Kyzylorda-news.kz. Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша тағы 14 жаңа науқас тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
«Бүгін сіздерге Алматы қаласында қосымша 3 коронавирус жағдайы тіркелгенін жеткіздік. Қазіргі уақытта қосымша Нұр-Сұлтанда 14 жаңа науқас тіркелді. Бұл науқастар тәртіп бойынша карантинге жатқызылып, байланыс жасаған азаматтармен бірге жұмыс жасалды. Барлық байланыстағы адамдар анықталуда», – деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында.
Осылайша, қауіпті індетпен ауырғандар саны 27-ге жетті. Оның ішінде 16 жағдай – Нұр-Сұлтанда, 11 факті – Алматыда тіркелген.
Еске салсақ, бұған дейін коронавирус жұқтырғандар саны 13 адам болғанын хабарлаған болатынбыз.