Kyzylorda-news.kz. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман мұқышев мемлекеттің көпбалалы аналарға арналған төлемді жақсартуға ниеттеніп отырғаны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz. 

«Бүгінгі таңда 4 баладан асатын, 7 балаға дейін және одан көп баласы бар отбасыларға әлеуметтік төлем тағайындалады. Яғни 4 бала үшін – 16 АЕК, Кейін 7-ші балаға дейін 4 АЕК-тен тағайындалады. 8, 9, 10 балаға – 28 АЕК-тен. Бұл қазіргі заңнама бойынша жүзеге асады. Мәжіліс депуттары ұсынған өзгеріске сәйкес, 8-баладан бастап қосымша 4 АЕК тағайындалады», – деді Нариман Мұқышев. 

Оның айтуынша, өзгеріс мақұлданған жағдайда төленетін төлем балалар санына қарай шектелмейді. 

«Бүгінгі таңда базада отбасыдағы ең көп бала саны – 15. Яғни осы баланың әрқайсысына 4 АЕК-тен тағайындалатын болады», – деп түсіндірді вице-министр.

Тағы да оқыңыз: