**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/)** **ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман мұқышев мемлекеттің көпбалалы аналарға арналған төлемді жақсартуға ниеттеніп отырғаны туралы айтты, деп хабарлайды** [**Stan.kz**](https://stan.kz/kazakstanda-kopbalali-analarga-beriletin-tolem-kobeytil-326628/)**.**  > _«Бүгінгі таңда 4 баладан асатын, 7 балаға дейін және одан көп баласы бар отбасыларға әлеуметтік төлем тағайындалады. Яғни 4 бала үшін – 16 АЕК, Кейін 7-ші балаға дейін 4 АЕК-тен тағайындалады. 8, 9, 10 балаға – 28 АЕК-тен. Бұл қазіргі заңнама бойынша жүзеге асады. Мәжіліс депуттары ұсынған өзгеріске сәйкес, 8-баладан бастап қосымша 4 АЕК тағайындалады», – деді Нариман Мұқышев._  Оның айтуынша, өзгеріс мақұлданған жағдайда төленетін төлем балалар санына қарай шектелмейді.  > _«Бүгінгі таңда базада отбасыдағы ең көп бала саны – 15. Яғни осы баланың әрқайсысына 4 АЕК-тен тағайындалатын болады», – деп түсіндірді вице-министр._