Kyzylorda-news.kz. “Қазгидромет” РМК 19-21 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

 Карск теңізінің арктикалық ауа массаларында қалыптасқан антициклон оңтүстік-батысқа қарай ығысады. Ал 21 қарашада Ресейдің еуропалық аумағындағы орталық аудандарға жетеді.

“Қазақстанға арктикалық теңізден Батыс Сібір арқылы суық ауа массасы келіп, соның әсерінен елдің басым бөлігінде күн айтарлықтай суытады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда ауа температурасы -28…-33°С дейін төмендейді. Сондай-ақ, кей жерлерде қар жауып, бұрқасындатады, қатты жел соғады”, – делінген хабарламада.

Одан өзге  батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстардың кейбір аймағында қар, көктайғақ және тұман болады деп болжанып отыр. Бұл өңірлерде де күн суытады, түнде -7…-15°С, қиыр оңтүстікте -3…-8°С-қа дейін.

Тағы да оқыңыз: