**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/)** “Қазгидромет” РМК 19-21 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.  Карск теңізінің арктикалық ауа массаларында қалыптасқан антициклон оңтүстік-батысқа қарай ығысады. Ал 21 қарашада Ресейдің еуропалық аумағындағы орталық аудандарға жетеді. > _“Қазақстанға арктикалық теңізден Батыс Сібір арқылы суық ауа массасы келіп, соның әсерінен елдің басым бөлігінде күн айтарлықтай суытады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда ауа температурасы -28…-33°С дейін төмендейді. Сондай-ақ, кей жерлерде қар жауып, бұрқасындатады, қатты жел соғады”, – делінген хабарламада._ Одан өзге  батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстардың кейбір аймағында қар, көктайғақ және тұман болады деп болжанып отыр. Бұл өңірлерде де күн суытады, түнде -7…-15°С, қиыр оңтүстікте -3…-8°С-қа дейін.