Қазақстан қатаң карантин шараларына оралуы мүмкін – Тоқаев тапсырма берді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қазақстан қатаң карантин шараларына оралуы мүмкін – Тоқаев тапсырма берді

29.06.2020, 18:05

4070 5

Kyzylorda-news.kz. Үкімет 2 күннің ішінде осы жылдың наурыз-мамыр айындағыдай қатаң карантин шараларын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуі тиіс. Бұл туралы коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңес барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Індетпен күрес, теріс әлеуметтік және экономикалық әсерлерді жою бойынша барлық шешімдерді Премьер-Министрдің жетекшілігіндегі Мемлекеттік комиссия аясында әзірлеуді тапсырамын. Мемлекеттік комиссия сыни ресурстарды бөлуге орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз етуі тиіс. Қазіргі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша шұғыл шаралар қабылдану мақсатында Мемлекеттік комиссияға екі күндік мерзімде осы жылдың наурыз-мамырында қолданыста болған қатаң карантинді енгізу бойынша мәселелерді әзірлеп, менің қарауыма ұсынуды тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.

5

  • Быз карбыз екенбыз быр жарым миллион жумсадык егер карантинге жапса калай сатамыз 3 ай бойы тынбай бала шагамызбен енбектендык соншама енбек оган кеткен нервы калай орнын толтырамыз быз сиякты карбыз еккен жандар оте коп и так журт сата албай абыгерге тусып жатыр вирус таралып болды болса да августтен бастап жапканы дурыс деп ойлаймын

  • Иа шара кажет. Бирак сенби – жексенби кундери Орал каласында санитарлык обработки жасалады дегенге куанганбыз бирак козге коринетин ештене жасалган жок. Онын устине осындай жагдайда тазалык нагыз керек кезде Батыс су арнасы кайта – кайта суды айырып тастай береди. Дариханаларда уялмайды 4400 тенге туратын Ингавиринди 6500 сатып жатыр. Жангирхан 18/2 орналаскан аптекага звандасам осы дари бар дегесин жок дейди, бир таныс жакыным звандаса бир аптекар аркылы бар депти, сонда бар дари тамыр таныстарына сатама. Осындай жагдайда барлыгы пайда коруге асыгып жатыр

  • Қатаң карантин дейді екі ай бойы болды сол кезде елдің бәрі үйінде отырып төрт қабырғаға қарап жынданып кете жаздады. Берген 42500т әлдағанндайғып халық сонда ауамен қоректенема. Жұмыс жоқ мезіғып ақшалары таусылып квартираның ақшасын төлей алмай дал болып жынданып кете жаздаған.

Пікір қалдыру