Kyzylorda-news.kz. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық Денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев медицина саласы бойынша елімізде тапшы мамандар санын айтып берді. 

Осы жылдың 15 шілдедегі жағдай бойынша дәрігер кадрларының тапшылығы 5 201-ді құрады. Қостанай облысында 624 қызметкер қажет. Ең жоғары тапшылық осы өңірде.

Жас мамандарды бөлгеннен кейін кадрлар тапшылығының жақсаруы байқалады.10 қыркүйектегі жағдай бойынша республика бойынша кадрларға қажеттілік 1 079 бірлікке азайды. Осы ретте Қостанай облысында кадрларға қажеттілік 52%-ға азайды”, – деді Қанат Төсекбаев.

Осылайша, қазіргі уақытта медициналық кадрлардағы тапшылық 4 122-ге түсті.

Ең үлкен тапшылық келесі мамандықтар бойынша байқалады:

– анестезиолог-реаниматологтар (393);

– терапевтер (346,75);

– ЖПД (319,5);

– дәрігер-зертханашылар (226);

– психиатрлар (213 дана);

– акушер-гинекологтар (203,5);

– педиатрлар (202,75);

– инфекционистер (121,5);

– эпидемиологтар (102,5);

– неонатологтар (85,25).

Сонымен қатар Республика бойынша орта медицина қызметкерлеріне тапшылық 8 583 бірлікті құрайды. 

Baq.kz

Тағы да оқыңыз: