Kyzylorda-news.kz.  Қазақстан азаматтарына да жерді жекеменшікке беруге болмайды. Бұл туралы Жер реформасы жөніндегі комиссияның 1-отырысында қоғам қайраткері Мұрат Әбенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шетелдіктерге қатысты мәселе бойынша Президент барлық жауапкершілікті мойнына алды. Жер шетелдіктерге жалға да берілмейді, сатылмайды да. Бәріміз қолдаймыз. Сол арқылы комиссияның бір үлкен жұмысы шешілді деп ойлаймын. Тағы бір мәселе – біздің азаматтарға жекеменшікке ауыл шаруашылығы жерлерін беру. Бұл негізгі мәселелердің бірі. Жеке өзім ауыл шаруашылығы жерлерін жекеменшікке беруге қарсымын. Қарсы болатын себебім, азаматтардың 99 пайызы ауыл шаруашылығы жерін иеленбеген. Кезінде жер бөлінгенде басы-қасында болмаған, оған қызықпаған. Сол азаматтардың 99 пайызы жер мәселесіне араласуы тиіс», – деді комиссияның бірінші отырысында Мұрат Әбенов.

Сонымен қатар ол жалға жер беру нарығын дамыту қажеттігін атап өтті.

«Көп елде жерді жалға беру нарығы бар. Жылдан-жылға бағасын белгілеп отырады және азаматтар жалға беру арқылы табыс тауып отыр. Меніңше бұл көп мемлекетте қолданыстағы тиімді жүйе. Бізге де соны пайдалануға болады», – деді ол.

Тағы да оқыңыз: