Kyzylorda-news.kz. Венгрия астанасы Будапештте көркем гимнастикадан өтіп жатқан Gracia Fair Cup турнирінде қазақстандық спортшы Айбота Ертайқызы бірден бес медаль жеңді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ұршықпен болған сайыста топ жарып, алтын медаль тақты. Баумен орындаған жаттығуда және көпсайыста екінші орыннан көрінді. Доппен және шеңбермен болған сында сәйкесінше күміс және қола медальді місе тұтты. Тағы бір спортшымыз Дильназ Байленова да доппен орындаған жарыста үштікті түйіндеді.