Kyzylorda-news.kz. Қазалының 15 оқушысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының «Ел үміті» жобасы негізінде өткізілген «Мың бала» ұлттық олимпиадасының жеңімпазы атанып, ауданның абыройын асқақтатты.

Республикалық білім сайысында жеңімпаз атанған шәкірттерді аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай құттықтады. Ауданның үздік оқушылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атынан бағалы сыйлықтар (ноутбук) табыстады.

Айта кетейік, Ұлттық олимпиада нәтижесімен жеңіске жеткен ауданның оқушысы, оның ішінде №170 орта мектепте білім алған Ерасыл Дарханұлы қазіргі таңда республикалық физика-математика мектебінің оқушысы атанып, облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың қабылдауына қатысты.

Тағы да оқыңыз: