Қазалыда «Жол картасы» бағдарламасы аясында 42 жоба іске асырылып жатыр – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қазалыда «Жол картасы» бағдарламасы аясында 42 жоба іске асырылып жатыр

29.07.2020, 10:40

416 1

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында құны 3 млрд 11 млн 89 мың теңге болатын 42 жоба іске асырылып жатыр. Осының нәтижесінде жүздеген тұрғынға жұмыс табылып, әлеуметтік нысандар жаңғыртылудан өткізілуде.

Бағдарлама шеңберінде Ғ.Мұратбаев ауылына табиғи газ жеткізіліп, Ақсуат ауылынан 150 орындық клуб салынады. Сондай-ақ көшелер жөнделіп, жарықтандырылады, әлеуметтік нысандар жаңғыртылады.

«Жол картасы» бағдарламасының негізгі мақсаты жұмыссыздар санын азайту. Осыған байланысты қолға алынған жобаларда аудан бойынша 600-ден астам адам жұмыспен қамтылады. Олардың жалақысы 85 мың теңгеден басталады, – делінген аудан әкімдігінің таратқан хабарламасында.

1

Пікір қалдыру