Kyzylorda-news.kz. Қазалы аудандық ауруханасының жанынан оттегі станциясы іске қосылды.

Автоматтандырылған заманауи құрылғы сағатына 40 текше метр тазалығы 99 процент болатын оттегі шығарады. Техникалық қауіпсіздігі толық ескерілген аппарат тәулік бойы 120 баллонды толтыруға қауқарлы. Оның жартысынан көбі Арал, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласындағы емдеу мекемелеріне жіберіледі. Айта кетейік, Қазалыдан бөлек, көпбейінді облыстық аурухана маңынан да оттегі өндіру бекеті ашылған болатын.   

“Аурухананың жансақтау, оңалту бөлімшелеріне тікелей тартылып, беріліп жатыр. Босану бөлімі аурухананың «Б» блогында орналасқан, 2-ғимаратта орналасқан провизорлық-инфекциялық бөлімшелерге баллонмен беріліп тұрады”, – Қазалы аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Раушан Қалуова.

Хабар 24

Тағы да оқыңыз: