Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында жібек сөзден жыр кесте тоқыған халық ақыны Ібайдулла Қалниязов атындағы облыстық жас ақындар айтысы өтті.
Майдакөл ауылындағы орталық алаңда «Жақұт жырдың шайыры» атты ақындар айтысына Қызылорда қаласы мен Жаңақорған, Жалағаш, Қармақшы, Арал аудандарынан келген жас ақындар қатысты.
Жас ақындар айтысынжа аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп, сөз зергерлеріне сәттіләк тіледі.
Мұнан соң сахна төріне талай таланттардың томағасын сыпырып, айтыс өнеріне баулып жүрген ардақты азамат, Майдакөл ауылдық клубының меңгерушісі Ермекбай Ағырай ортаға шығып, айтысқа қатысушы талапкердерді таныстырды.