Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаевты қабылдады.

Аймақ басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басты индикаторларды саралап, басым бағыттарды бойынша атқарылған жұмыстармен танысты. Өз кезегінде аудан әкімі Мұрат Нәлқожаұлы облыс әкіміне ауданның 11 ай ішіндегі қорытындысын баяндап, алдағы 2021 жылға арналған жұмыс жоспарымен бөлісті.

Қазалы ауданында жыл ішіндегі макро-экономикалық көрсеткіштері бойынша жалпы өсім қалыптасқан. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2,9 пайызға өсіп, 14,0 млрд теңгенің өнімдері өндірілген. Негізгі қорға тартылған инвестицияның бағалау көлемі 11 млрд 541 млн теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен алғанда 35,4 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд 616 млн теңгені құрап, 34,6 пайызға орындалды.

Ауданда есепті мерзімге 14 млрд 528,8 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, 21 951 тонна күріш жиналған. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында құны 3 млрд 11 млн 89 мың теңге болатын 42 жоба іске асырылды. Осының нәтижесінде жүздеген тұрғынға жұмыс табылып, әлеуметтік нысандар жаңғыртылудан өткізілді. Бағдарлама шеңберінде Ғ.Мұратбаев ауылына табиғи газ жетіп, Ақсуат ауылынан 150 орындық клуб салынды. Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы арқылы Бекарыстан би ауылында 930 млн теңгенің жұмысы атқарылды.
Қабылдау барысында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Қазалы ауданындағы эпедимиологиялық ахуал тұрақты екенін жеткізіп, жыл соңына дейін оттегі баллондарын толтыратын цех іске қосылатынын да тілге тиек етті. Бұл цех іске қосылған уақытта аудан тұрғындарымен қатар, көршілес Қармақшы және Арал ауданы мен Байқоңыр қаласын да оттегімен қамтамасыз етуге мүмкіндік бар.

Қабылдау соңында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аудан халқының әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды жобаларды жалғастыруды және экономикаға түсім алып келетін жұмыстар бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Тағы да оқыңыз: