Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданы Кәукей ауылында жаңа саябақ пайдалануға берілді.

Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында аудан орталығынан шалғай орналасқан Кәукей ауылында жаңа саябақ пайдалануға берілді.

Жаңа саябақтың ашылу салтанатына орай өткізілген шараға аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев қатысты.

Кәукей ауылындағы орталық саябақ құрылысын “Намыс құрылыс” ЖШС жүргізді. Саябақ ішінде жазғы сахна, 40 көрермендер орны, 2 балалар ойын алаңы, спорт инвентарлары, тұрғындар тынығатын орын, кіре беріс қақпа мен жарықшамдар орнатылған.

Айта кетейік, соңғы жылдары аудандағы ауылдарды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соның нәтижесінде Қ.Пірімов, Ақсуат, Бозкөл, Майдакөл ауылдарында саябақ салынды.

Тағы да оқыңыз: