Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында «Мен қашанда бәрін ашық айтып жүрмін» деді.

«Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді. Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық», – деді Президент.

Мемлекет басшысы бұған дейін де бірнеше үндеу жариялағанын тілге тиек етті.

«Мен қашанда бәрін ашық айтып жүрмін. Індет кезінде қалыптасқан ахуал жөнінде жұртшылыққа үнемі ақпарат беріп отырдым. Кешегі қатерлі күндерде Мемлекет басшысы ретінде халыққа арнап бірнеше үндеу жасадым», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тағы да оқыңыз: