Kyzylorda-news.kz. Бүгінде әлемді дүр сілкіндірген коронавирустың алдын алу мақсатында Қармақшы аудандық пробация қызметінің мамандары аудандық Жастар қоғамдық бірлестігінің жанынан құрылған еріктілермен бірге сотталған азаматтарға тегін медициналық бетперделер таратты.

Сондай-ақ, олар пробация есебінде тұрған азаматтарға коронавирус инфекциясынан қорғанудың негізгі сақтық шаралары, оның алдын алу, таралуын болдырмау бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Қазіргі таңда аудандық пробация қызметі есебінде 38 азамат тұр. Оның 4-еуі тұрмыс жағдайы төмен отбасы. Осы 4 отбасы мүшелеріне медициналық маскалар таратқан нағыз жанашыр, белсенді волонтерларға алғыс айтамыз», – деп мәлімдеді біздің ақпарат агенттігіне аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет подполковнигі Ержан Әбілдаев.

Тағы да оқыңыз: