Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының әкімі Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерлерін қабылдады.

Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Тәуелсіздік жылдары ел спортшылары халықаралық ірі жарыстарда топ жарып, көк байрағымыз асқақтай түсуде.

Қармақшы өңірі де спорт саласында талай қыранды түлетіп, елдің байрағын желбірететін ерлерді шығаруда.Осы ретте, аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерлерін қабылдады.

Аудан әкімі елдің туын биікке көтеріп, әлемдік ареналарда әнұранымызды ойнатып жүрген жігерлі, жалынды спортшыларға ризашылығын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.

Айта кету керек, биыл аудан спортшылары Қазақстан Республикасы біріншіліктері мен чемпионаттарында 12 – алтын, 11 – күміс, 10 – қола медальды жеңіп алса, Әлем біріншілігінен 2 қола, Азия біріншілігінде 3-қола, Азия Кубогында 3-қола, әлемдік гран-при турнирінде 3-алтын, 3-қола медальды жеңіп алды.

Тағы да оқыңыз: