Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткен «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі» тақырыбында облыстық пленарлық онлайн мәжіліске қатысты.

Аймақтық мәжіліс аяқталғаннан кейін, іс-шара аудандық тіл жанашырларының алқалы жиынымен жалғасты.

Жиында сөз алған аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Ерқосаев Жұлдызхан Байназарұлы тіл туралы толғамды пікір білдіріп, аудан жұртшылығын Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен құттықтады.

«Елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтетін бұл мереке достық пен бірліктің, түсіністік пен жарасымдылықтың жарқын үлгісі. Өйткені «Тіл – татулық дәнекері, достықтың алтын көпірі». Бұл мереке 2018 жылдан бері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырылып өткізіліп келеді», – деді Жұлдызхан Ерқосаев.

Сонымен бірге «Ұлт бірлігі – Қармақшы» Қоғамдық Бірлестігінің төрағасы Шегебай Құндақбаев сөз алып, ауданымызда жасайтын ұлттар мен ұлыстардың, түрлі этнос өкілдерінің бірлік пен ынтымақта өмір сүруінің дәнекері болып отырған жұртшылыққа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, көпшілікті мемлекеттік тілді құрметтеуге, оны жетік үйренуге шақырды.

Шара соңында бір топ тіл жанашырлары аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: