Қар, бұрқасын, көктайғақ – 14 қарашадағы ауа райы – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қар, бұрқасын, көктайғақ – 14 қарашадағы ауа райы

14.11.2019, 9:00

338 0

Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 14 қарашадағы ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, солтүстік-батыстың кей жерлерінде жаңбыр және қар, солтүстікте және шығыста қар жауады. Кей жерлерде тұман күтіледі, жел күшейеді, солтүстік-шығыстың, солтүстіктің кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жаяу бұрқасын болады, кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі, түнде Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел тұрып, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі,

Ақтөбе облысында, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал.

0

Пікір қалдыру