Kyzylorda-news.kz. Қайызғақ Паркинсон ауруының белгісі болуы мүмкін дейді ғалымдар. Бұл туралы Express басылымы хабарлады.

Мамандардың айтуынша, қайызғақ бір қарағанда бас терісінің тітіркенуі салдарынан болғанымен, тері ауруының қатерлі түрі болуы мүмкін. Мәселен, себорейлі дерматиттің жеңіл белгісі – қайызғақ, ал үлкен белгісі – бастың қышып, қызаруы. Кейде бас терісі суланғыш бөртпеге айналуы мүмкін.

Себорейлі дерматит – майбезі жұмысының бұзылуына байланысты бас не дене терісінің майланып, қабынуы. Дерматит көбіне, гормонның бей-берекет бөлінуі мен тепе-теңдігінің бұзылуынан пайда болады. Тағы бір себебі – ұзақ уақыт тестостерон мен анаболиктерді, глюкокортикостероидті ішу, егу.

Бірақ мамандар қайызғақ пен дерматиттің арасында байланыс барын анықтағанымен, Паркинсон ауруы арасында байланысты әлі нақты анықтаған жоқ. Бұған дейін Америка ғалымдары Паркинсон ауруының жасырын белгілерінің бірі көп терлеу екенін анықтаған. Мұндайда адам өзімен-өзі терлей береді.

Паркинсон ауруы – орталық ми жүйесінің ақырын кемуінен пайда болған ауру. Оның негізгі белгісі – қалшыл мен діріл, бұлшық еттің епке келмеуі.

Massaget.kz

Тағы да оқыңыз: