Kyzylorda-news.kz. Қазақ футболының аңызы Тимур Сегізбаевтың жүлдесі үшін аладоп аламаны аяқталды.

Жасөспірім футболшылардың мерейлі мерекесіне айналған турнирде «Қайсар» футбол орталығының 2008 жылғы тәрбиеленушілері алдына жан салмады. Олар топтық кезеңнің барлық кездесуінде айқын жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

Ақтық бәсеке үшін өткен кездесуде Сырдария командасын қапы қалдырса, финалда Қазалы құрамасын 1-0 есебімен жеңді.

Осылайша он үшінші мәрте ұйымдастырылған бәсі биік бәсекеде “Қайсар” өрендері жарыстың биік сатысына көтерілді.

Сондай-ақ турнирде өнегелі ойын көрсеткен Евгений Петрик «үздік ойыншы» атанса, Расул Жахат «үздік қақпашы» деп танылды.

Айта кетейік, шоқтығы биік аладоп бәсекесіне 10 команда, 150 ден аса балғын футболшылар қатысып, жарыстың көркін қыздырды.

Тағы да оқыңыз: