Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда футболдан ел біріншілігі қайта жалғасын тауып, IV тур ойындары Алматы қаласында өтті.

Бұл турда қызылордалық “Қайсар” кеншілермен кездесіп, 1-0 минималды есебімен жеңіске жетті. Қос команда алғашқы таймда шабуылға ден қойғанымен, қақпа саңылауын таба алмады. Ойынның екінші жартысында екі ұжым да ашық шабуылға көшіп, қауіпті сәттер ұйымдастыра білді.

Кездесудің 67-минутында “Қайсар” командасы есепті ашты.

Александр Станисавлевичтың айып алаңына асырған добына Александр Марочкин бірінші жетіп, командасын алға шығарды. Есеп 0-1!

Сусымалы есеп ойын соңына дейін сақталып, қасқырлар чемпионаттағы екінші жеңісіне қол жеткізді.

3 ойын нәтижесі бойынша “Қайсар” 7 ұпай еншілеп, турнирлік кестеде IV орынға жайғасты.

Тағы да оқыңыз: