Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданына қарасты Қ.Пірімов ауылында спорт кешенінің құрылысы басталды.

Жаңа нысанның іргетасын қалау рәсіміне аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, ауыл ақсақалдары қатысты.

Ауыл тұрғындарының атынан еңбек ардагері, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлепберген Тілеуқабылов аудан басшысына алғысын жеткізді.

Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаев спорт кешені құрылысының жобасымен таныстырып, жаңа нысан келесі жылы пайдалануға берілетіндігін жеткізді.

Спорт кешенінің құрылысын “Ахат + ГС” ЖШС жүргізіп жатыр. Спорт кешені пайдалануға берілген уақытта ауыл балалары еркін күрес, грек-рим күресі, самбо, дзюдо, бокспен шұғылданып, бос уақыттарын тиімді пайдаланатын болады.

Тағы да оқыңыз: