Пробация – ел заңнамасына сәйкес, есепте тұрғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдармен, азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен және өзге де заңды тұлғалармен өзара әрекеттесе отырып, атқарылатын қызмет түрі. Азаматтардың қылмыстық сот төрелігіне түсуін, қылмыстық жазалау шараларын азайту мақсатында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық-құқықтық шараларды кеңінен қолдану үшін жағдай жасалған, жаңа Қылмыстық кодексте бірқатар санкция жеңілдетіліп, сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату уақыты азайтылды.

Осы орайда кеше Жалағаш аудандық қоғам­дық даму бөлімінің тапсы­рысы аясында «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі жә­не аудандық жастар ресурстық ор­та­лығының ұйымдастыруымен про­бация есебінде тұрған жастар ара­сында мә­дени орындарға саяхат ұйымдас­ты­рыл­ды. Іс-шараның мақсаты – пробация есебінде тұрған азаматтардың бос уа­қытын тиімді пайдалану, киелі ме­кендермен таныстыра отырып, еліміздің бай мұрасын насихаттау. Нәтижесінде есепте тұрған жастар мә­дени орындарды аралай отырып, сая­хаттан ерекше әсер алып қайтты. 

– Бұл саяхат біздің білімімізді арт­тырып қана қоймай, рухани әлемімізге де мол қазына сыйлады. Тарихи ме­кендерге жасалған сапар басқа сая­хат­тарға қарағанда ерекше болады екен. Мұны жастарға керекті нағыз рухани байлық, ғибратты шара деп білеміз. Сол үшін осындай сапарлар жиі болып тұрса деген тілегіміз бар, – деді жастар.

Ұлттық мұраны дәріптеген тарихи-мәдени сапар алдағы уақытта да жал­­ғасын тауып, тұрақты түрде жүр­гізілетін болады. Осы сапарды ұйым­дас­тыруға атсалысып, жастарды та­­­ри­хи орындармен таныстырған аудан­ның теолог маманы Арыстанбек Бай­қабылов және Жалағаш аудандық ПҚ-ның инспекторы, аға лей­те­нант Еркін Оразалыұлы «Жастарды қайта тәрбиелеп, қоғамға бейімдеу – ортақ парызымыз» дейді.

Айта кетейік, еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесіне пробация қызметінің енгізілгеніне де көп болған жоқ. Ал оның заңды түрде жүзеге аса бас­тағанына да  7 жылдай болды. 

Тағы да оқыңыз: