Фото: kazpravda.kz

Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының  Полиция департаменті еріктілер мен еріктілер қозғалысын қолдауға ерекше көңіл  бөледі.

Жыл басынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен  қылмыстардың алдын алу мақсатында еріктілермен бірлесіп, нәтижелі жұмыс атқарылды.

Еріктілер әр түрлі рейдтерге, құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шараларға, түрлі акцияларға қатысып, белсенділік танытуда. Олардың еңбегі еленіп,  қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде полицейлерге көрсеткен көмектері үшін Департамент басшылығының алғыс хаттармен марапатталып келеді.  

Жоғалған адамдарды іздеу барысында полицейлерге белсенді еріктілер көмек көрсетуде. Мәселен, қызылордалық полицейлер жоғалған 10 жастағы жасөспірімді аман – есен тапты.  Қызылордада 28 қараша күні түнгі уақыт 00:32 шамасында 10 жастағы жасөспірім үйінен «ойнауға кеттім», - деп белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағандығы жөнінде хабарлама келіп түсті.

Іздестіру жұмыстарына Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, Ұлттық ұлан сарбаздары, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Жүргізілген іс – шараларының нәтижесінде 10 жастағы жасөспірімді 28 қараша күні сағат 09:00 шамасында аман – есен тапты. Ювеналды полиция бөлімнің инспекторлары жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бұдан бөлек,  Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен "Қызылорда еріктілері" Қоғамдық Қоры мен "Жастар спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясы" Жастар қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты нашақорлықтың алдын алу саласында жәрдемдесу; нашақорлықтың таралуына қарсы тұруға бағытталған тұжырымдамаларды, бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және іске асыру; құқықтық ағарту, ақпараттандыру, кеңес беру түрінде жастарға тегін заң көмегін көрсету; психоактивті заттарды тұтынбай жастардың бос уақытын тиімді қолдануға бағыт-бағдар беру, өскелең ұрпақ арасында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жасау, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ Қазақстанда бұқаралық спорт пен шығармашылықты насихаттау және дамыту.

Ынтымақтастық шеңберінде тараптар нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу саласында үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық орнату нашақорлық пен есірткі қылмысының таралуына қарсы тұруға, есірткі құралдары мен психотроптық заттарға сұранысты азайтуға, сондай-ақ денсаулықты қорғау бағытында ғылыми-әдістемелік шараларды қамтамасыз етуге, азаматтардың рухани, адамгершілік тәрбиесіне бағытталған бағдарламаларды, іс-шараларды іске асыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің еріктілермен  бірлескен жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ. 

Тағы да оқыңыз: