Kyzylorda-news.kz 15 сәуірден бастап республика аумағында тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын қоқысқа белгіленбеген жерлерде қалдырып кету, сұйық қалдықтарды заңсыз төгу деректеріне жол бермеу бойынша арнайы акция өткізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kzақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Акция басталғалы бері полицейлер 127 заңсыз қоқыс орнын анықтады. Олардың 32-сі елді мекендерден шалғай жерлерде орналасқан. Жалпы 19 274 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 5 488 факті ортақ пайдалану орындарын ластаумен, 13 786 дерек абаттандыру ережелерін бұзумен байланысты.

Бұл ретте ІІМ азаматтарды табиғатты аялауға, қоршаған ортаны ластамауға, экологиялық заңнаманы сақтауға шақырып отыр. 

Тағы да оқыңыз: